industrykz.com

В Киеве отметили День Республики Казахстан в "Мызгымастық" юрте.

В Киеве отметили День Республики Казахстан в "Мызгымастық" юрте.

Киевтегі «Мызғымастық киіз үйі» мәдени кеңістігінде Қазақстан Республикасы күні атап өтілді. «Бауырлас қазақ халқына осы мерекемен құттықтаймыз және қиын кезеңде көмек көрсетіп, Украинаға қолдау білдіргені үшін алғысымызды айтамыз», — деді Украина халық депутаты, Украина — Қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі, «Мызғымастық киіз үй» жобасының тең құрылтайшысы Сергей Нагорняк.

Салтанатты іс-шараның ашылуына орай Киевтің академиялық үрмелі оркестрі Украина мен Қазақстанның Мемлекеттік әнұрандарын орындады. Киевтік «Барвиночок» украин би мектебінің оқушылары қонақтарды қазақтың «Қамажай» биімен қуантты.

«Веселат» вокалды халық ән ансамблі украин және қазақ халқының достығына арналған қазақ тіліндегі «Достық әнін» шырқады. Ән сөздерінің авторы Дмитрий Луценко, ал музыкасы Игорь Шамонікі. Бұл украин әнінің лирикалық өнер тарихындағы ең танымал шығармашылық тандемдердің бірі — Луценко мен Шамо Киев әнұранының сөздерімен музыкасының авторлары.

«Біз бүгін қазақ халқына сыйлық ретінде украиндықтардың қазақ мәдениетін құрметтейтінін көрсетуге тырыстық, өйткені Киевтің орталығында, Тарас Шевченконың атындағы саябақта қазақтың өмірін бейнелейтін нағыз қазақ киіз үйі — біздің «Мызғымастық киіз үйіміз» орналасқан. Украин ұжымдарына қазақ музыкаларын, әндерін, билерін орындауды өтіндік, олардың қуанышпен келіскеніне өте ризамын. Біздің халықтарымыз арасындағы мәдени алмасу Украина мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін өте маңызды. Іс-шараның қонақтарын 2023 жылғы 14 қаңтарда тігілген киіз үй таң қалдырып, қазақ мәдениетіне ғашық етуде. Сонымен қатар, іс-шара қонақтары Қазақстан әнұранын «жанды» орындауын, қазақ тіліндегі әндерді тыңдауды, қазақ билерін көруді қуанышпен қабылдады» — деді Сергей Нагорняк.

Қазақстан халқын құттықтау үшін әйгілі ақын және суретші Тарас Шевченконың кіші Отанынан — Черкассы облысынан ұжымдар келді. Украиндықтар Пайғамбар деп санайтын Тарас Шевченко Қазақстанға жер аударылып, 10 жыл қуғында өткізген. Қазақ халқын, сондай-ақ қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін өз суреттерінде де, әдеби шығармашылығында да жиі бейнелеген. Звенигородок қаласынан (бұл қалада осы жылы «Мызғымастық киіз үйінің» тағы бір жобасы — «Тараз киіз үйі» тігілді) «Заспив» халық ән ансамблі келді. Музыканттар Тарас Шевченконың сөздеріне жазылған бірқатар әндерді орындады.

Ұжым қатысушылары «Тарас киіз үйін» орнату туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Ол Тарас Шевченкоға байланысты жерлерге барғысы келетіндер үшін өте тартымды орын болды. Ұжым қатысушылардың айтуынша, бұл мәдени кеңістік қала мәдениетінің өте маңызды бөлігіне айналды. Сондай-ақ, украин халық әндерін орындаған Черкассы аумағынан «Родына» халық хоры келді. Іс-шара қонақтарына қазақ ұлттық киімдері көрсетілді және баршаларға қазақ шәйі, бауырсақтар, тәттілер ұсынылды.