2024 жылдың 1 желтоқсанына қарай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы жұмыссыздық жағдайына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 275,7 мың адамды құрады, оның ішінде 235,6 мың азаматқа төлем осы жылы тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 79,3 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Kazpravda.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді 1-ден 6 айға дейін алады, бұл олардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына байланысты.
Еңбек министрлігінде әлеуметтік төлем МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалтқан табыстың 45%-на дейін жүзеге асырылатынын еске салды. Жұмыссыздық жағдайына байланысты әлеуметтік төлем МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан босату себептеріне қарамастан беріледі және жұмыс іздеу кезінде жұмыссыз адамға қолдау көрсету үшін арналған.
Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Министрлікте жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін не жасау керектігі туралы да ақпарат берілді.