industrykz.com

Президентке отандық жасанды интеллект саласындағы әзірлемелер таныстырылды.

Президентке отандық жасанды интеллект саласындағы әзірлемелер таныстырылды.

Халықаралық орталық Қазақстанды ИИ-бағдарланған мемлекетке трансформациялау мақсатында құрылып, елдің қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық салаларында ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысына Nur Alem аймағында орналасатын Alem.AI Жасанды Интеллект Орталығының концепциясы таныстырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиевтің хабарлауынша, орталықта Tomorrow School және Tumo Education мектептері ашылады. 1000-нан астам мектеп оқушысын бағдарламалау, робототехника және басқа креативті технологиялар бойынша оқыту жоспарлануда, сондай-ақ жыл сайын 1000 жоғары білікті маманды даярлау көзделуде. Alem.AI халықаралық орталығы стартаптарды жеделдету үшін кампус қызметін атқарып, осы саладағы зерттеу жобаларына қолдау көрсетуі де жоспарланған.

0

Президентке инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға қатысатын перспективалы отандық стартап-жобалар мен компаниялар туралы ақпарат ұсынылды.

Олардың арасында клиенттермен өзара әрекеттесу үшін дауыстық роботтарды әзірлеу және енгізумен айналысатын Cybernet.ai компаниясы, иммунотерапия және диагностика саласындағы қиын мәселелерді шешуге өз үлесін қосқысы келетін ArlanBiotech компаниясы бар. Сондай-ақ, Higgsfield AI стартапы ғалымдар мен инженерлерге күрделі компьютерлік модельдерді оқытуға көмектесетін озық жүйе құрды.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы Tik-Tok және Netracker компанияларының қызметі туралы айтылды. Салық жеңілдіктері, виза қолдауы және басқа да қолайлы жағдайлардың арқасында шетелдік компаниялар мен IT-мамандары Astana Hub экожүйесінің бір бөлігіне айналуда. Қазіргі уақытта Telegram, TON, Tether, Google, EPAM және басқа әлемдік IT-индустрия өкілдерінің ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және жаңа өнімдерді әзірлеу үшін офис орналастыру жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

1

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласындағы отандық әзірлемелер таныстырылды. Олардың арасында кен орындарының цифрлық егізі, дрондарды басқару және өндіріс үшін робот-ит сияқты индустриалдық шешімдер бар.

Президентке мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жасанды интеллект технологияларының қолданылуы көрсетілді, сондай-ақ Назарбаев университетіндегі Жасанды Интеллект Институтының (ISSAI) AITU экожүйесінің мүмкіндіктері, қазақ тіліндегі алғашқы модель KazLLM және көпфункционалды Soyle App қосымшасы туралы айтылды.

2