industrykz.com

Отбасы банк мобильді қосымшасын жаңартты.

Отбасы банк мобильді қосымшасын жаңартты.

Отбасы банкі 2024 жылдың 17 желтоқсанында жаңартылған «Otbasy bank» мобильді қосымшасына көшеді. Осы уақытқа дейін қызмет «Otbasy bank Lite» деген уақытша атаумен тестілік режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі банктың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 17 желтоқсанында «Otbasy bank Lite» қосымшасын бұрын жүктеп алған банк клиенттері оны жаңартуы керек. Қосымшада сәйкесінше хабарлама пайда болады.

Жаңартылған Отбасы банкінің мобильді қосымшасы заманауи Flutter технологиясын пайдалана отырып әзірленген, бұл пайдаланушылар үшін қосымшаның жұмыс жылдамдығы мен ыңғайлылығын айтарлықтай арттырады. Flutter платформасы кроссплатформалық қосымшаларды әзірлеудің ең жылдам және ыңғайлы технологияларының бірі ретінде танылған. Сонымен қатар, Flutter жоғары деңгейде қауіпсіздікті және цифрлық қызметтердің сапасын сақтауға, проблемаларды жедел шешуге және жаңартуларды жылдам шығаруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған «Otbasy bank» қосымшасы «жеңіл» болып, мобильді телефондарда көп орын алмайтын болады. Сондай-ақ, биометрия функциясы жаңартылды, 99% жағдайда ол сәтті жүзеге асырылады. Жанды тексеру бойынша шешім жетілдірілді: бұл технология тірі адамның маскадан немесе дипфейкке айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл биометриялық жүйелердің қауіпсіздігін арттыру және жалған деректермен шабуылдардың алдын алу үшін маңызды элемент.

Жаңа «Otbasy bank» мобильді қосымшасын App Store және Google Play Store-дан жүктеуге болады.

Алғашқы тіркелу мен мобильді қосымшада парольді өзгерту кезінде биометрияны міндетті түрде өту қажет. Егер клиент банк қосымшасында бұрыннан тіркелмеген болса, алдымен тіркеліп, биометриядан өтіп, пароль ойлап табуы керек, содан кейін ғана қосымшаға кіруі керек.