Әр ауданында бейнебақылау жүйесін мониторингтеу, камералардан деректер жинау және төтенше жағдайларда полицияның іс-әрекеттерін үйлестіру үшін Оперативтік басқару орталығы (ОБО) құрылатын болады.
Сонымен қатар, аймақта Sergek Qorgau қолданбасы, AI Sergek Patrol бар мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен және транспорттық ағындарды талдау, мониторингтеу және болжау үшін Sergek ITS интеллектуалды транспорттық жүйесі енгізілетін болады.