industrykz.com

Тоқаев Байбазаровты ұлттық экономика министрі лауазымынан босатты.

Тоқаев Байбазаровты ұлттық экономика министрі лауазымынан босатты.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Байбазаров Нурлан Серикович Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында Нурлан Байбазаров 2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларды агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, инвестициялық жобалар бойынша басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның даму банкі" АҚ корпоративтік хатшысы қызметтерін атқарғаны туралы айтылған.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экономиканың салаларын дамыту департаментін басқарды. Сонымен қатар, әр жылдары акционерлік қоғамдарда жұмыс істеген: "ҚТЖ" АҚ, "КазМунайГаз Консалтинг" АҚ, "КазМунайГаз" ҰК" АҚ.

2016 жылдан 2022 жылдың қараша айына дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдың 5 қазанында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі АҚ Бірлескен акционері шешімімен Холдингтің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі.