Полиция мәліметтеріне сәйкес, Алматының Алатау ауданында кешкі уақытта жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы тіркелді.
Жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұсақ хулигандық, апаттық жағдай жасау және сақтандыру полисінің болмауы үшін жауапқа тартты.
Соттың шешімімен 20 жастағы құқық бұзушыға 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес (ұсақ хулигандық), қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларға қорлайтын түрде тиісу және айналадағы адамдарға деген құрметті білдірмейтін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да ұқсас әрекеттер 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.