industrykz.com

Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқаруға тағайындалды.

Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқаруға тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Жумангарин Серик Макашевич Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Серик Жумангарин 1969 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Ленин ордені мен Октябрь революциясы ордені атындағы Мәскеу энергетика институтын, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993-2004 жылдары - кәсіпкерлікпен айналысты.

2005-2006 жылдары — Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімі бастығы.

2006-2007 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма бастығы; Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры.

2008-2010 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық контракт агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары — «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі акционерлік қоғамының төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жылдары — Бәсекелестік және антимонополиялық реттеу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегия мүшесі (министр).

2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жылдары — Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрі – премьер-министрдің орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте — президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда — президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.