industrykz.com

Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды.

Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Байбазаров Нурлан Серикович Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Нурлан Байбазаров 1975 жылдың 10 қазанында дүниеге келген.

Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын «Банктік іс негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1997 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-да жобаларды агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар бойынша басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, корпоративтік хатшы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары акционерлік қоғамдарда жұмыс істеді: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ.

2016 жылдан 2022 жылдың қарашасына дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қазанына дейін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы болды.

2023 жылдың 5 қазанында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның жалғыз акционері шешімімен Холдингтің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

2024 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі болады.