Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ведомство басшысы Серік Жұманғаринді Ұлттық экономика министрлігі ұжымына таныстырды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Бектенов Нурлан Байбазаровқа ұлттық экономика вице-премьері қызметіндегі жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметінде сәттілік тіледі.
Серік Жұманғаринді таныстыру барысында, үкімет басшысы ведомствоның алдағы кезеңдегі басты міндеті мемлекет басшысының динамикалық экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін атап өтті. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканың құрылымдық өзгерістерін күшейту, бюджеттік және салық саясатын тиімділігін арттыру, бюджет параметрлерін болжау деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берілді.
Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігіне басым салаларда экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бизнесті қолдау бойынша теңгерімді саясат жүргізу, тарифтік реттеуде сауатты саясатты жүзеге асыру қажет.