Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Алия Юсупованы қабылдады, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы Акорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Алия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Әңгімелесушілер еліміздегі гимнастиканың дамуының перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы федерацияның жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы ақпараттандырылды.
Алия Юсупова спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты. Оның айтуынша, гимнастикаға балаларды ерте жастан тарту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізу қажет.
Соңында президент инфрақұрылымды жетілдіру және жаттықтырушылар құрамын дайындау саласында жүйелі тәсілді қамтамасыз ету мақсатында туризм және спорт министрлігімен тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігіне назар аударды.