industrykz.com

Алматыда 70 миллиард теңгеден астам қаражат 2 мыңнан астам жаңа МСБ жобаларын қолдауға бағытталады.

Алматыда 70 миллиард теңгеден астам қаражат 2 мыңнан астам жаңа МСБ жобаларын қолдауға бағытталады.

Алматы экономикасын әртараптандырудың басты қозғаушы күші - шағын және орта бизнестің дамуы.

«Бүгінгі таңда осы салада қаладағы жалпы жұмыспен қамтылғандардың 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық жұмыс істейді», — деп атап өтті қала басшысы.

2024 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 53,1 миллиард теңге бөлінеді, бұл 1,8 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді, ал 2025 жылға 71 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл тағы 2 мың жаңа МСБ жобасын қолдауға мүмкіндік береді.

«Біздің мақсатымыз - шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосқан үлесін 2024 жылы 60%-дан 2030 жылы 75%-ға дейін арттыру», — деп атап өтті Ерболат Досаев.