Оның айтуынша, жылдың соңына дейін Алматыда туристердің саны 2,3 миллионға жетеді деп күтілуде.
Әкім туристердің Алматыда қалдыратын орташа чегінің 313 долларды құрайтынын атап өтті. Қала билігі бұл көрсеткішті келесі екі жылда 500 долларға, ал 2030 жылға дейін 700 долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.
Бұл қонақ үй, мейрамхана бизнесінің, сауда және туристердің сатып алу мен ақша жұмсайтын басқа да секторлардың дамуына байланысты.