Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына сәйкес, Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
«Жұманғарин Серік Макашевичті Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындау, бұған дейін атқарған лауазымынан босату туралы», — деп көрсетілген құжатта.
Биыл ақпан айында Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.
Серік Жұманғарин 1969 жылдың 22 шілдесінде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу Ленин ордені және Октябрь революциясы ордені энергетика институтында, сондай-ақ, Букетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жоғары білім алған.
Карьерасының түрлі кезеңдерінде Серік Жұманғарин Экономикалық даму және сауда министрлігінде жұмыс істеп, өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры қызметін атқарды. Ол сондай-ақ, Өңірлік даму комитетінің төрағасы, вице-министр және Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрінің орынбасары болды.
2014 жылдан 2017 жылға дейін Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетін басқарды. 2020 жылдың қыркүйек айында ол Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2022 жылдың қыркүйек айында Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрі – премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Алайда, бір жылдан кейін, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде, ол сауда және интеграция министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің орынбасары лауазымында қалды.
Ол алдында Президент Нұрлан Байбазаровты ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты.