industrykz.com

Биржадағы доллардың орташа салмақты курсы 523,86 теңгені құрады.

Биржадағы доллардың орташа салмақты курсы 523,86 теңгені құрады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа салмақты курсы 2024 жылдың 20 желтоқсанында 17:00-де 523,95 теңгені құрады. 19 желтоқсан 17:00-дегі деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 524 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 0,05 теңгеге нығайды, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі.

Сауда аптасында ұлттық валюта 0,8 теңгеге күшейді. 17 желтоқсанда, сейсенбі күні, 15:30-да орташа салмақты курс 1 доллар үшін 524,66 теңге деңгейінде қалыптасты. 20 желтоқсанда, жұма күні — 523,86 теңге.

KASE-нің ақпаратына сәйкес, саудада минималды курс 1 доллар үшін 522,60 теңге, максималды курс — 525,00 теңге, жабылу курсы — 524,99 теңге деңгейінде болды. Американдық валюта бойынша сауда көлемі 277 млн 295 мың долларды құрады. Валюта операциялары бойынша мәмілелер саны — 807. kurs.kz деректері бойынша, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде 17:05-те американдық валютаның максималды сату курсы 529 теңге, Алматыда — 530 теңге.

20 желтоқсанда Ұлттық банктың ресми курсы 1 доллар үшін 524,02 теңге. 21-23 желтоқсанда ресми курсты анықтау тәртібіне сәйкес, ол 1 доллар үшін 523,86 теңге болады.