Алты адам жарақат алды. Зардап шеккендер жедел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, өрт немесе басқа да тұтанулар болған жоқ.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Кошербаев келді. Ол жарылыс көмір тасымалдау транспортерінде жөндеу-сварка жұмыстарының нәтижесінде болғанын хабарлады. Ол кәсіпорынның әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатқанын да атап өтті.
Оның айтуынша, барлық механизмдер мен жүйелер дұрыс жұмыс істеп тұр, ал котлалар қалаға жылу беруді жалғастыруда.
«Станция жұмыс істеп тұр, барлық түйіндер мен агрегаттар қалыпты», — деді әкім.
Ермек Кошербаев, әсіресе ресми емес көздерден алынған ақпаратқа сенбеу керектігін ескертті.